ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласына қарасты Желаев кентінде 360 орындық қос қабатты мектеп ғимараты биыл күзде пайдалануға берілмек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мемлекеттік тілде сабақ беретін мектеп құрылысы өткен жылы басталған болатын, оған республикалық бюджеттен 498 млн. теңге бөлінген. Соның 94 миллионы игерілсе, қалғаны биылғы жыл үлесіне қалып отыр. Құрылыстың мердігері ? «Болашақ-Т» ЖШС.
2008 жылы желтоқсанда Орал қаласында 1200 орындық мектеп іске қосылған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).