Оралда бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, ел біріншілігіне 17 өңірден 212 боксшы қатысады. Турнирдің жеребесі тартылды.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты аясында Ұлттық құрамаға спортшылардың кандидатуралары қаралатын болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жарыс 24 желтоқсанға дейін өтеді.

Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты Ақмола облысының Шучинск қаласында 7-12 желтоқсан аралығында ұйымдастырылған болатын.