ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бос тұрған ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 сәуір күні сағат 21.26-да Сырым Датұлы көшесі 41/7 мекенжайында орын алды.
Ғимараттың төбесі отқа оранды. Жалын шарпыған аумақ 80 шаршы метр.
Ғимараттың жалпы алаңы – 180 шаршы метр.
«Тілсіз жау» өрт сөндірушілердің күшімен (16 адам, 4 техника) сағат 22.23-те ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөліктің өртенгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).