Оралда дәстүрлі «Ақшақар-2010» жарысы басталды

None
ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында шаңғы туризмі техникасынан дәстүрлі «Ақшақар-2010» жарысы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының орынбасары Гүлсім Усағалиеваның айтуынша, биыл бұл сайыс өңірдегі балалар туризмінің 50 жылдығына арналып отыр. Оған облыс аудандары мен Орал қаласынан барлығы 13 команда қатысуда. Әр команда құрамында сегіз адамнан бар. Олар алдымен шаңғы туризмі техникасынан сынға түссе, содан кейін спорттық бағдарлау жарысы басталады.

Жарыс екі күнге созылмақ.