Оралда дәстүрлі «Еуропа-Азия-2011» туристік фестивалі басталды
16:36, 21 Қыркүйек 2011
АЛ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдағы «Еуразия» туристік-сауықтыру орталығында бүгін білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі ХІV «Еуропа-Азия-2011» туристік фестивалі басталды.
Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығынан хабарлағанындай, биылғы шара Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Дүниежүзілік туризм күніне арналып отыр.
Сайысқа қатысушылар «Жекелей-командалық біріншілік» қашықтықтарында күш сынасып, спорттық бағдарлаудан шеберлік байқасады. Сондай-ақ кросс-жорық, «Сыралғы турист», фотосуреттер, бейнефильмдер байқауларына қатысады.
Фестиваль 23 қыркүйек күні қорытындыланбақ.