ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында Деркөл өзенінде 12 жасар бала көз жұмды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 4 шілде күні Деркөл өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде 2011 жылғы ұл бала аспалы көпірден секірген. Содан оның аяғы саяжайда су жинауға арналған сорғының құбырына жұтылып кеткен. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған деректің жазатайым оқиға ретінде тіркелгенін жеткізді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 103 операторына сағат 19.09-да хабар жеткен. Бала жедел жәрдем жеткенше қайтыс болып кеткен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда тағы бір жасөспірімнің суға кеткенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).