ОРАЛ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ұйымдастыруымен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Дипломмен ауылға» шарасы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соңғы кезде өңірде ауылға барған жас мамандарды үймен қамту, оларға көтермеақы беру, әлеуметтік жағдайларын жасау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Жиында оқу орнының басшылары, қоғамдық бірлестіктер төрағалары осы төңіректе пікір алысты. Университет бітіруші бірқатар түлекке ауылдық жерлерге жолдама берілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).