ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда допты хоккейден ІІ қысқы спартакиада турнирі басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған еліміз қалаларынан келген сегіз команда қатысуда. Бірінші орыннан басты үміткерлердің бірі батысқазақстандықтар бүгін алматылықтармен кездеседі.
Жарыс ақпанның 28-інде мәреге жетпек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).