ОРАЛ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Оралда дзюдодан облыс біріншілігі мәреге жетті.
Чемпионатқа қала мен облыстың он төрт ауданынан 150-ден астам қыз-жігіттер қатысты. Олар өз салмақ дәрежелері және жас ерекшеліктері бойынша күштілерді анықтады.
Дзюдо - олимпиадалық спорт түрі. Сондықтан оған ерекше көңіл бөлінеді.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағановтың айтуынша, басты мақсат - әлемдік додаларда жүлде алатын дзюдошыларды дайындау. Келесі олимпиада да қыр астында.
Біріншілік жеңімпаздары алдағы айда Талдықорған қаласында өтетін ел чемпионатына қатысады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).