ОРАЛ. KAZINFORM —Орал қаласында екі ер адам бірнеше күн бойы су басқан саяжайда қалып қойған.
БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасовтың мәлім еткеніндей, тәртіп сақшылары су басқан аумақтарды толықтай тексеру жұмыстарын жүргізуде.
«Соның нәтижесінде 2, 3-саяжай аумағын мұқият қарап шығу барысында 23 сәуір күні су басқан үйде қалған екі ер адам табылып, қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың кім екендігі анықталу үстінде. Осы оқиғаға орай қала тұрғындарына айтарым, егер саяжай аумақтарында қалған туыстарыңыз, таныстарыңыз болса, полицияға хабарласыңыздар. Құтқару жұмыстары бұдан былай да жалғасатын болады», - деді Н.Жалғасов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда саяжайдан құтқарылған иттердің қайда орналастырылғанын жазған болатынбыз.
Батыс Қазақстанда тұруға жарамсыз деп танылған 400-ге жуық үй қайта салынады.
БҚО-да құтқарушылар су ортасынан жылқыларды алып шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).