ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі адамды өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 26 тамыз күні Зачаган кентінде Орал-Атырау жолы бойындағы орман ішінен зорлықпен өлтірілген әйелдің денесі табылған.
Жедел іздестіру барысында 1990 жылы туған ер адам ұсталып, ол 1963 жылғы әйелді өлтіргенін мойындады.
Сонымен қатар, аталған күдікті мен оның 1992 жылғы танысы өлтірген ер адамның мүрдесі 27 тамыз күні «Газовик» саяжай ауданынан табылды.
Ұсталғандардан марқұмның велосипеді мен сөмкесі тәркіленді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).