ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері «Диана» аялдамасы қасында «Фольксваген Туарег» маркалы автокөлігін тоқтатқан кезде кәмелетке толмаған 1999 және 2001 жылғы екі бозбаланы есірткімен ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардың қалтасынан 255,9 грамм және 89,9 грамм кептірілмеген марихуана табылған.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.
Сонымен қатар соңғы кездері ұялы телефонды сөйлесемін деп сұрап алып, жымқырып кетушілер де көбейіп отыр. 20 қыркүйек күні кешкі сағат 20.00 шамасында 1992 жылғы тұрғын көшеде 60 жастағы зейнеткер әйелдің сеніміне кіре отырып, «Самсунг-Галакси J-5» телефонын ұрлап кеткен. 21 қыркүйек күні бұдан бұрын да бірнеше рет тәртіп сақшыларының қолына түскен 1991 жылғы тұрғын 1977 жылғы әйелден біреуге қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, иеленіп алған.
Жедел шаралар нәтижесінде күдіктілер қолға түсіп, ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне (ааляқтық) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).