Оралда екі ересек адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап түсті

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Орал қаласында арасына 5 минут салып екі оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды mgorod.kz порталы.

Орал қалалық ІІБ басшысы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, шамамен кешкі сағат 20.45-терде Солтүстік-Шығыс шағын ауданындағы көпқабатты үйдің 3-қабатындағы балконнан 49 жастағы оралдық азамат құлап кеткен. Пәтерде біреудің туған күні тойлаған ер адам балконға темекі тартуға шығып, байқаусызда құлап кеткен. Ол ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырды. Екінші оқиға Оралдың 5-шағын ауданында орын алды. 5-қабаттың терезесінде шылым шегіп, телефонмен сөйлесіп отырған 26 жастағы жігіт жерге құлап түсті. Абырой болғанда, жас жігіттің жаны аман қалды. Қазір ол облыстық аурухананың хирургиялық бөлімінде жатыр.