ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік түйісіп, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін таңертең Зачаган кентінде болды.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 08.25-те шақырылды. Бригада оқиға орнына бес минуттан кейін жеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы ер адам жабық бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Оған қоса, денесі көгеріп, көптеген тілік жарақаттарын алған ол облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметтің кейін берілетінін айтты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір күнде екі автокөліктің өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).