ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі жастың некесі түзету мекемесінде қиылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Неке қию рәсімі Батыс Қазақстан облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ-170/3 мекемесінде өтті.
Жазасын өтеп жатқан күйеу жігіт қалыңдығының түзету мекемесі қабырғасында некелерін қиюға келісім бергеніне ерекше қуанышты. Ол енді сүйгенінің сенімін ақтап, мерзімінен бұрын босап шығу үшін тәртіпке баса мән бермекші.
РУ-170/3 мекемесінің бастығы Ертай Шәкенов жас жұбайларды өмірлеріндегі аса маңызды оқиғамен құттықтап, алдағы уақытта жарасымды ғұмыр кешулеріне тілектестігін білдірді.
«Неке қию – жаңа өмірдің бастамасы, жас отбасының негізі қаланды. Болашақта еркіндікке шыққаннан кейін зайыбы ерін қолдап, қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі, сәбилі болып, бақытқа бөленеді деп сенеміз», - деді Е.Шәкенов.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).