Оралда екіқабат әйел лифт құдығына түсіп кетіп, қаза тапты
13:57, 20 Қаңтар 2011
ОРАЛ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы Инструментальная көшесіндегі тоғыз қабатты үйде екіқабат әйел лифт құдығына түсіп кетіп, қаза тапты.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне қарағанда, Әзірбайжан елінің 32 жастағы азаматшасы лифтіні 6-қабаттан шақырған. Бұл кезде лифт 9-қабатта болған. Есігі ашылған сәтте бірден құдығына (шахта) құлап кеткен.
Қазіргі кезде арнайы комиссия жұмыс жасауда. Қайтыс болған әйелдің кәмелетке толмаған екі баласы да бар көрінеді.