ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының қаулысымен енесін атып өлтірген Р. деген күдіктіге қатысты екі айға қамау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық соттан түскен мәліметке қарағанда, оған ҚР ҚК 99-бабына сәйкес айып тағылды. Осыған орай тергеу амалдары жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда әйелді атып өлтірген күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз. Ал 1951 жылғы ер адам (күдіктінің қайын атасы) қалалық көпбейінді ауруханада жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).