ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ер адам 60 джипті жалдап, қала ішінде серуендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 11.00 шамасында «Самал-1» шағындауданында болған.
«Арасан» саунасы маңына автокөліктердің жиналып жатқаны жөнінде хабар түскен.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде ер адамның джиптерді жалдап, қалада серуендеп жүргені анықталды.
Ер адам отбасындағы кикілжіңнен кейін осындай қадамға барған.
Тұрғын қалалық полиция басқармасына жеткізілгеннен кейін есін жиып, бұған өкініш білдірген. Сосын ол құқық бұзушылық болмағандықтан, үйіне жіберілді.
Фото:mgorod.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).