ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 14 қараша күні таңда Достық даңғылы 226-мекенжайындағы тоғыз қабатты үйде орын алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, жедел жәрдем сағат 05.39-да шақырылды. Бригада оқиға орнына 05.42-де жеткен.
«Алтыншы қабаттан құлаған 1970 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды», деді А.Сақпосынова.
Ер адам өзі секіріп кетті ме, әлде басқалай жағдай болды ма, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).