ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнгі сағат 01.40-та Исатай-Махамбет көшесі 82/1-мекенжайында болды.
1963 жылғы ер адам терезеден секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған.
Марқұмның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 02.04-те шақырылды. Сол үйде тұрған ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жасөспірім қыздың бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).