ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тұрғын үйдің жанында ер адам асулы күйі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 2 маусым күні болған.
Таңертең сағат 09.42-де жедел жәрдемге қоңырау шалынған.
У.Громова көшесі 2/1 мекенжайындағы көпқабатты үйдің маңында жасы шамамен 30-35 жастағы ер адамның асылып тұрған денесі табылған. Ол медициналық бригада жеткенше қайтыс болып кеткен.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, толық мәлімет кейін берілетінін жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).