Оралда ер адам асылып қалды
18:05, 29 Желтоқсан 2017
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында ер адам өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 желтоқсан күні сағат 18.00 шамасында қалаға қарасты Деркөл кентіндегі 2-ПДП-дан (жаңадан салынған шағынаудан) 2 км жердегі орман арасында болған. Сонда 1984 жылғы Р. есімді ер адам асылып қалған. Алдын ала болжам бойынша ол тума-туысқандарымен сөзге келгеннен кейін осындай қадамға барған.
Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, Орал қалалық ішкі істер басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.