ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында ер адам басына биіктіктен мұз құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін қала орталығында, Карев аялдамасы маңында болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаевтың айтуынша, ер адамның жасы 70-те. Ол арнайы лентаның керіліп тұрғанына қарамастан, қауіпті тұстан өткен.
Жедел жәрдемге шақырту сағат 11.58-де түскен. Сол тұста өтіп бара жатқан жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына екі минуттан кейін жеткен. Басынан жарақат алып, мойнына зақым келген ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).