ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам мас күйінде көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 29 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды.
Сағат 19.50-да жедел құтқару жасағы (2 адам, 1 техника) Шаған өзенін аралау (патрульдеу) кезінде 46 жастағы ер адамды құтқарып қалды.
Ер адам мас күйінде жаяу көпірден секіріп, шомылуға тыйым салынған жерде суға батып бара жатқан.
БҚО ТЖ департаменті суда қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін тұрғындардың есіне салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, мал қорасы мен 125 тонна пішен жанып кеткенін, жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Батыс Қазақстанда тұрғын үй өртеніп кетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).