ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментіжедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованыңайтуынша, оқиға 21 шілде күні болды.
Ет комбинаты ауданыФизкультурная көшесінде 1971 жылғы ер адам абайсызда септикке арналып қазылған,тереңдігі 2,5 метр шұңқырға құлаған.
Оқиға болған жерге№2 жедел құтқару жасағының құтқарушылары (4 адам, 1 техника) жетіп, альпинистікжабдықтар мен құтқару орамасының көмегімен зардап шегушіні шұңқырдан алыпшықты.
Ер адам медициналықжедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиғаның мән-жайын учаскелік полицияинспекторы анықтады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жедел жәрдем 18.25-те шақырылды. Жарақат алған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).