ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында депо көпірінің астынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең орын алды.
Алдын ала мәлімет бойынша ер адамның денесінде зорлық белгілері жоқ. Оның кім екендігі анықталу үстінде. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемнің сағат 07.58-де шақырылғанын жеткізді. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйде өрт шығып, екі адамның уланғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).