БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 қазан күні кешкісін болды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу барысы Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, екі ер адам бірге арақ ішкен. Содан біреуі үйіне қайтып бара жатқан мезгілде екіншісі артынан келіп, бірнеше рет пышақ жұмсаған. 36 жастағы марқұмның соңында кішкентай балалары қалды. Ұсталған күдіктінің жасы 43-те.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО полициясы әйел адамның өліміне қатысты аса ауыр қылмысты ашқанын жазған едік.
Сондай-ақ Оралда көпқабатты үйдің төбесінен құлаған екі жасөспірім мерт болды.