Оралда есірткі таратпақ болған күдікті ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Орал қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын мүліктік және бұзақылық қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған, 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Фото: polisia.kz

Тексеру кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған, оқшаулау лентасымен оралған 13 түйіншек, Zip-пакеттері мен электронды таразы тәркіленді. 

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті тәркіленген затты жасырын орындарға қалдырып, таратпақ болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, оның ішінде есірткі жеткізу арналары мен ықтимал сыбайластарды анықтауға бағытталған шаралар қолға алынды. 

Айта кетелік Астанада есірткі жарнамасын таратқан әйел сотталды