АЛ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Жұлдызды жиырма күн» шарасы аясында Оралдағы Жастар шығармашылығы орталығында облыстағы этномәдени бірлестіктер жетекшілері бас қосты.
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тамыры терең достық» тақырыбындағы бұл басқосуда осы жылдар ішіндегі қол жеткізген жетістіктер кеңінен баяндалды. Дүниежүзінде теңдесі жоқ Қазақстан Ассамблеясының іс-тәжірибесін көптеген ел қызығушылықпен үйренуде.
Облысты мекен еткен түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері мемлекеттік қызметте, бизнес қауымдастастығында, басқа да көптеген салада тең құқылы еңбек етіп, өз үлесін қосып келеді. Басқосуда сөз алғандар «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында талай қиындық артта қалды, еліміз құлпырып, экономика өркендеді. Қазақстан - біздің ортақ үйіміз. Татулық пен бірлігіміз осылай жараса берсін» деген тілектерін айтты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).