Оралда газ құбыры жанып, айналасындағы үйлерге қауіп төндірді

None
ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы У.Громова көшесі бойында сәуірдің 5-інде газ құбыры жанып, айналасындағы үйлерге қауіп төндірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚ филиалының директоры Равиль Исмаиловтың сөзіне қарағанда, газ құбырына осы маңда баған орнатып жатқан «Жайық жарығы» ЖШС қызметкерлері зақым келтірген, соның салдарынан құбырдан газ шығып, жанған. Ол жоғары қысымды болғандықтан, сөндіру де оңайға түспеді. Өрт сөндіруші машиналар бір-бірін тез алмастырып отырды.

Қазіргі кезде оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.