ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы тұрғын үйде газ жарылысынан зардап шеккен әйелдің сәбиі көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалиұлының айтуынша, жеті айдан асқан сәби іште жатып, шетінеген. Әйелдің жағдайы аса ауыр болғандықтан, кесір тілігімен алуға да болмайтын еді. Сондай-ақ оны санавиациямен Астанаға тасымалдау да мүмкін емес. Ал Алматы не Астанадан арнайы маман келмеуі ықтимал. Бірақ телемедицина бойынша кеңесін береді.
Еске сала кетейік, 18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентіндегі тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, алты адам зардап шегіп, соның ішінде 37 жасар әйелдің денесін 85 пайыз күйік шалған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).