ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында бір отбасының балалары газдан уланған деген ақпарат тарады.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, оқиға 18 желтоқсан күні болды.
Қазіргі уақытта бір үйдің бес баласы Зачаган кентіндегі облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауына алынған.
— Балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем алуда. Жағдайы орташа ауыр. Олардың бәрі де табиғи газдан уланған, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дәрігердің балаларды вакцинациядан дер кезінде өткізудің маңызы зор екені туралы айтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).