ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында жылыту маусымына дайындық барысында гидравликалық сынақтар жүргізіліп жатыр.
«Жайықжылуқуат» АҚ-дан мәлім еткеніндей, сынақ кезінде 28 тамызда М.Жүнісов көшесі бойындағы № 7 магистральдық құбыр желісінде апат болды.
— Диаметрі 530 мм құбыр жарылып, жылу желісі зақымданды. Қазіргі уақытта апатты жою және жылу жүйесін қалпына келтіру мақсатында құбырды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
«Жайықжылуқуат» АҚ осыған дейін 25-29 тамыз аралығында гидравликалық сынақтар жүргізілуіне байланысты ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда қандай жылу нысандары жаңартылып жатқанын жазған едік.
Сондай-ақ Оралда құбырдағы апатқа байланысты қаланың екі бөлігінде салқын су беру тоқтатылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).