Оралда грек-рим күресінен облыс чемпионаты мәреге жетті

None
ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында грек-рим күресінен 1993-1995 жылғы кадеттер арасында облыс чемпионаты өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз салмақ дәрежелерінде Нұржан Здығалиев, Айдарбек Әбдірашев, Шамиль Ғұмаров, Дарын Болатов, Еламан Әріпов, Данияр Қабиев, Ескендір Елеуов сынды жас балуандар жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысына сәйкес облыс құрамасына енгендер атақты балуан-бапкер Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін Алматы қаласында наурыздың 19-21-і күндері өткізілетін кадеттер арасында ел біріншілігіне қатысады.