Оралда халықаралық «Атамекен» ән фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың ХІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі күнге созылғандәстүрлі өнер бәйгесіне Қазақстанның Нұр-Сұлтан,Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Семей, Өскемен, Қостанай, Ақтөбе, Атырау,Орал қалалары мен Өзбекстаннан барлығы 29 әнші қатысты.

Үміткерлер екікүнге созылған ән додасында бірінші және екінші кезеңде бақ сынады.

Сайысқорытындысында эстрада және романс аталымы бойынша үздік шыққандар анықталды.


Сонымен, эстрададаноралдық Айбек Дәулетқалиевтің бағы жанып, бас жүлдені (650 мың теңге) жеңіпалды. Тағы бір оралдық Тарас Жауымбаев бірінші (450 мың теңге),нұр-сұлтандықтар Айдын Жұмабаев екінші (350 мың теңге), Мейіржан Самылтыров пенқарағандылық Самат Шонов үшінші (200 мың теңгеден) орынға ие болды. Дипломантатанған өзбекстандық Рахим Орынғалиев, атыраулық Айданақ Сағындық, ақтөбелікЕрнар Дүйсеевке 100 мың теңгеден берілді.

Романстан тараздықДінмұхамед Көшкінбаев оза шауып, бас бәйгені қанжығасына байлады. АлматылықтарЕржан Жұманиязов бірінші, ЖандарбекЕркінбаев екінші, өскемендік Мақсат Саматов үшінші дәрежелі дипломменмарапатталды. Ал қостанайлық Гүлбақыт Жаңбырбаева мен тараздық Сәуле Жуатбековадипломанттар қатарынан көрінді. Бұлардың бәріне де эстрада жанрымен бірдейкөлемде ақшалай сыйлықтар табыс етілді.


Әнші-композиторЕскендір Хасанғалиев ұйымдастырушылар мен Ақ Жайық жұртшылығына алғысын айтаотырып, биылғы фестивальге қатысушылардың жан-жақтан, тіпті Өзбекстаннанкелгендігін жеткізді.

«Өнерлі жастарбарда дәстүрлі фестивальдің жалғасатынына сенемін. Биылғы үміткерлердің тағыбір ерекшелігі, сирек орындалатын әндерімді сахнаға шығаруы болды. Бұл олардыңізденгіштігін танытады. Жүлде алмағандарға айтарым, алда да өнер додаларыжетеді, соған жақсылап дайындала білсеңдер, бәйгеден келетіндерің анық. Биыл мен 79-ға келдім. Сондай жастың биігінешықсам да, ізденісімді тоқтатқан жоқпын. Келесі жылы фестивальдің бұдан дадеңгейі жоғарылап, ауқымды өтері анық», деді Е.Хасанғалиев.