Оралда Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ғасырлар бейнесі» атты көрме ашылды

None
ОРАЛ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - 5 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ғасырлар бейнесі» атты көрме ашылды.

Мұражайдың көпшілікпен жұмыс және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Айсұлу Қойшинаның хабарлағанындай, музей қорынан алынған ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында қыз-келіншектер киген көйлектер, барлығы 14-тен астам жәдігер келушілер назарына ұсынылды. Олардың арасында 1870-1880 жылдары тігілген тоқыма көйлектер де бар.

Шара мақсаты - өткен ғасырларда өмір сүрген ісмерлер өнерінен хабардар ету, ұлттық киім үлгілерін насихаттау.