Оралда Халықаралық әйелдер күніне орай оқу орындары арасында жарыс ұйымдастырылды

None
ОРАЛ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт кешенінде Халықаралық әйелдер күніне орай қыздар арасында жарыс мәреге жетті.

БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Жас Отан» ЖҚ Орал қалалық филиалы волейбол, баскетбол және үстел теннисі бойынша ұйымдастырған жарысқа Оралдағы жоғары және арнаулы оқу орындарының командалары қатысты.

Жалпыкомандалық есепте Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж жеңімпаз атанса, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ қыздары екінші орынды еншіледі. Жеңімпаз-жүлдегерлерге тарту-таралғылар жасалды.