Оралда «Хуторок» дәмханасы өртенді

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда «Хуторок» дәмханасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, Чагано-Набережная көшесі 78/1 мекенжайында орналасқан кафенің жанып жатқаны жөнінде 27 маусым күні сағат 21.25-те хабар түскен.

Сағат 22.02-де оқшауланған өрт аумағы 290 шаршы метрді қамтыды.

Алдын ала мәлімет бойынша от электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан.

Өртті сөндіруге 32 қызметкер, 9 техника қатысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 21.35-те шақыртылды. Оқиға орнына қос бірдей бригада жетті.

Орта дәрежеде газбен уланған 1971 жылғы әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.