ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ірі қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, сағат 17.01-де Гагарин көшесі 70-мекенжайында «Меркурий» сауда үйі аумағында құрылыс материалдары сақталатын жеке тұрған қоймадан (жалпы алаңы 1300 шаршы метр) өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.
Өрт аумағы 800 шаршы метрді қамтыды.
Зардап шеккендер жоқ.
Сағат 17.26-да арнайы штаб құрылды.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға ТЖ департаментінен 54 қызметкер, 15 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да түйіскен екі жүк көлігі өртеніп, 2 адам, 39 жылқы жанып кеткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ бүгін автокөлік жылқыға соқтығысып, бір отбасыдан үш адам қаза тапты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).