Оралда ішкі істер қызметкерлері арасында президенттік көпсайыстан спартакиада мәреге жетті

None
ОРАЛ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында ішкі істер қызметкерлері арасында президенттік көпсайыстан спартакиада мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көпсайыс қорытындысында Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі командасы жеңімпаз атанса, облыстық ішкі істер департаментінің аппараты ? екінші, Орал қалалық ішкі істер басқармасы үшінші орынды еншіледі. Ішкі істер қызметкерлері суға жүзу, нысана көздеу, ұзындыққа секіру, граната лақтыру, 100 метр және 3000 метр қашықтыққа жүгіруден сынға түсіп, жеңімпаздар марапатталды.