ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен әйел адам алты күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Туысқандарының айтуына қарағанда, Әсемгүл Жұмағұлова 12 наурыз күні А.Матросов көшесі 170-үйден сағат шамамен 17.30-да шығып кеткен.
Үстіне көк күрте, қарақоңыр трико киген.
Телефоны айырулы. Бұрын ешқайда бұлай шықпаған, қайырымды, елгезек. Денсаулығында кемістік бар.
Хабарын білетіндер 102, 8-702-265-19-63, 8-777-514-49-59 телефонына хабарласуы сұралады.
БҚО полиция департаменті 1981 жылғы тұрғынның жоғалып кеткенін растады. Бірыңғай тізілімге есепке алынған, қазіргі кезде іздестіру шаралары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).