ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалған 15 жастағы жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2004 жылғы Жандос Темірғалиев 14 мамыр күні сағат 14.00 шамасында Теректі ауданы Подстепный ауылындағы №1 мектептен шыққаннан қайта оралмаған болатын.
Іздестіру шаралары барысында жасөспірімді біреулер 14 және 15 мамыр күндері Оралдағы қалалық мәдениет және демалыс саябағы маңында көргені белгілі болды.
«Жандосты бүгін сағат 13.00 шамасында Теректі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері сол саябақ маңынан тапты. Қазіргі таңда оның жоғалып кету себептері анықталып жатыр», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 83 жастағы қарияның мүрдесі табылған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).