ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кеткен таеквондодан кадеттер арасында Азия чемпионы Лиана Кушкеева аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 16 жасар Лиана анасы екеуі үйлеріне кетті.
«Орал қаласы полиция басқармасында Лианамен тәртіп сақшылары, психолог сөйлесті. Жағдайы жақсы», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда таеквондодан Азия чемпионының жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).