ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда үш күннен бері 18 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2001 жылғы Бекарыс Тұрарбекұлы 3 қыркүйек күні жоғалып кеткен.
4 қыркүйек күні оның туыстары полицияға хабар берген. Қазіргі кезде жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, Бекарыс Бөкей ордасы ауданының Әжен елді мекенінде туып-өскен. Өткен жылы Мұратсай ауылында мектеп бітірген. Жалғызбасты ана баласын үш күннен бері таппай отыр.
Көрген-білген адам болса, 8-705-433-10-17 телефонына хабарласа алады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).