ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалған қыздың мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 24 қыркүйек күні полиция қызметкерлері 1995 жылы туған бойжеткенді өлтірген күдікті ретінде 1986 жылғы ер адамды анықтап, ұстады.
Орал қалалық ішкі істер басқармасы осы оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Айта кетейік, 23 жасар Карина Дустанова 17 қыркүйек күні хабар-ошарсыз кеткен. Сол күні кешке ол Оралдан Ақсайға баруға тиіс еді, бірақ содан кейін байланысқа шықпаған. Каринаны тума-туысқандары әлеуметтік желі арқылы да іздестірген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).