Оралда кафедегі жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform .
Фото: БҚО төтенше жағдайлар департаменті
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қираған ғимарат астынан 6 адам табылып, бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді.
Фото: БҚО төтенше жағдайлар департаменті
«Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында екі адам көз жұмды. Адамдардың кім екені анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда» деп хабарлады ведомстводан.
Фото: БҚО төтенше жағдайлар департаменті
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кафеде жарылыс болып, соңы өртке ұласқанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).