ОРАЛ. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы «Жастар» мәдениет сарайында қала күніне орай сурет көрмесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала күні қарсаңында фотосуретшілердің арнайы байқауы ұйымдастырылған болатын. Қазылар алқасы Орал туралы ең таңдаулы суреттерді іріктеді. Олардың арасында Рафхат Халелов, Оксана Каткова, Ардақ Қасымова сынды фотографтардың жұмыстары бар.
Байқау жеңімпаздары қыркүйектің 19-ында қала күні барысында марапатталатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).