ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы Зачаган кентінде 39-көтеріңкі сорғы стансасында кері клапанды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, осыған байланысты бүгін сағат 14.00-ден бастап «Арман», «Көктем», «Сарытау», «Қазақ ауыл», СМП, БҚАТУ, «Жақсы ауыл», «Ғалымдар ауылы», Құс фабрикасы, Автоцон шағынаудандарына, М.Мөңкеұлы көшесі бойындағы жеке және көпқабатты үйлерге салқын су беру тоқтатылды.
Су құбырындағы апатты жою жұмыстары сағат 18.00-ге дейін атқарылмақшы.
Оған қоса 4-шағынауданда екі өрт гидранты ауыстырылуда. Осыған орай 4-шағынаудандағы № 25, 26, 26/1, 30, 31-үйлерде салқын су сағат 18.00-ге дейін болмайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында 800-ге жуық абоненттің ыстық сусыз қалғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).