ОРАЛ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС конференц-залында Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы шығарған «Қалауымыз - халық бірлігі» атты кітаптың таныстырылымы болды.
Облыстық ассамблея төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаевтың атап өткеніндей, қатты мұқабалы, түрлі-түсті суреттермен безендірілген аталмыш жинақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына орай шығарылды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІ сессиясында сөйлеген сөзімен ашылған кітапта облыстық ассамблея мен өңірдегі этномәдени бірлестіктер қызметі туралы мол мағлұмат берілген. Енді Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай осындай жинақтар шығару қолға алынбақ. Журналист Екатерина Макеева кітапта қазақ халқының төңірегіне топтасқан өзге ұлт өкілдерінің өмірі тартымды берілгендігін атап өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).