ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда «КамАЗ» көлігі велосипед мінген адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулык сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін Меловые горки бағытындағы жолда болған.
Жедел жәрдем сағат 19.05-те шақырылған. Жедел жәрдем көлігі 5 минуттан кейін жеткенімен, 23 жастағы азиат пішіндес ер адам оған дейін көз жұмған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұл - Оралда болып отырған осындай екінші оқиға. Бұдан бұрын жеңіл автокөлік қағып кеткен велосипед мінген ер адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).